Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 мың полицей мен Ұлттық ұланның күші тартылады
Республика күні қарсаңында елімізде полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторының айтуынша, 24-26 қазан күндері бүкіл жеке құрам қызмет өткерудің күшейтілген нысанына ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді.
«Құқықтық тәртіптің күштері мен құралдарының есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Полиция жасақтары азаматтар көп жиналатын, әрі демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар Жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторингілеу үшін министрлікте Жедел штаб жұмыс атқарады. Ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев.
Министрлік Республика күнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге барынша күш салып жатқанын мәлімдеді.