×

"Балалар банан сұраған": Төрт баланың қазасына көңіл айтуға барған депутат жылап қалды

Балалардың әкесі  жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Анасы үй шаруасында екен

"Балалар банан сұраған": Төрт баланың қазасына көңіл айтуға барған депутат жылап қалды
Коллаж Qaz365.kz

Аягөз қаласындағы төрт баланың қазасына Мәжіліс депутаттары атынан Гауһар Танашева барып, қайғы жұтқан отбасыға көңіл айтты. Ол көз жасын тыя алмай, өзі де жылап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Өздеріңіз білесіздер, Абай облысы Аягөз қаласында жантүршігерлік қайғылы жағдай болды. Кеше кешкісін қайғы жұтып отырған отбасыға барып, Бауыржан және Араймен танысып, көңіл айттық. Төрт бала, төрт періштеден айырылып қалды. 8 жасар егіздер мен олардың 3 және 2 жастағы інілері көмірқышқыл газынан қаза тапты. Әкесі жұмыста, анасы базарға кетіпті. Таңертең сиырын сауып болған Арай артылған сүтін сатып, ақшасына балалардың сұраған бананын әкеліп бермекші болған. Қайғылы оқиға осы кезде болған. Бұл жерде біреуді кінәлауға да келмейді. Ата-анасын да жазғыруға болмайды», – дейді депутат.

Ол бейкүнә сәбилерді жерлеген жерге барып, құран оқып, топырақ салғанын айтты.


«Төрт бала еш қызық көрмей, өмірден өтіп кетті. Біз бұл жағдайдан кейін ойлануымыз керек. Алдын алуды ойластыру қажет. Балаларымыздың болашағы үшін жағдай жасауға тиіспіз. Депутат билік пен бұқараның арасына көпір екенін айтамыз. Бұл сөз жүзінде қалмауы керек. Ісімізбен дәлелденуі тиіс.  Не үшін елімізде өмір сүріп жатырмыз? Не үшін қызмет етіп жүрміз?» – дейді Гауһар Танашева.


Балалардың әкесі  жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Анасы үй шаруасында екен. Сол күні сиыр сауып, сүтін сатып, балаларға банан әперу үшін кеткен.

Еске салсақ, 2019 жылдың ақпан айының басында бес апалы-сіңлілі Астананың шетіндегі өртте өртеніп кеткен болатын. Бұл қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндіріп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованы қызметінен кетуге мәжбүр етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →