×

Қазақстандықтар интернет алаяқтарына 13 млрд теңгеге алданған

Мұндай қылмыстардың көпшілігі шетелден жасалады

Қазақстандықтар интернет алаяқтарына 13 млрд теңгеге алданған
gov.kz

Жыл басынан бері алаяқтар қазақстандықтарды 13 млрд теңгеге алдап кеткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рустем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жыл басынан бері азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Бұл әрекеттердің салдарынан зардап шеккендерге 13 млрд теңге залал келген. Әлі де алаяқтардың ең көп таралған әдісі – онлайн сауда. Онлайн саудамен байланысты 7 мың алаяқтық жасалды», – деді Дүйсетаев.

Банктерде және микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн қарыз рәсімдеудің 1 600 фактісі тіркелген.

Азаматтар ақшаны тез көбейту үшін, олардың күмәнділігіне қарамастан, әртүрлі схемаларға қатысуды жалғастыруда. Бір жыл ішінде 1200 қазақстандық осындай схемалардың құрбаны болды, олар өз ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салған. Кей жағдайларда осы мақсаттар үшін несие алғандар бар.

«Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайт құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте „менеджерлермен“ және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін бір реттік дивиденд төлейді», – деді министрлік өкілі.

Фишингтік сілтемелерді жіберу арқылы азаматтардың шоттарынан 1 мың ұрлық жасалған.

«Банктер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалатын алаяқтық ерекше алаңдаушылық туғызады. Осы тәсілмен жыл басынан бері 3 мыңнан астам қылмыс жасалған. Алаяқтар шоттағы күдікті операциялар немесе несие рәсімдеу әрекеті туралы хабарлайды және банктің алаяқ қызметкерлерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатқанын айтады. Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін атап өткім келеді», – деді Дүйсетаев.

Мұндай қылмыстардың көпшілігі шетелден жасалады, бұл олардың жолын кесу процесін қиындатады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →