×

"Алтын Орда" базарының иесі әлі де Болат Назарбаев па - министр жауап берді

Қаңтар оқиғаларына дейін “Алтын Орда” базары бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қарасты құрылымдарға тиесілі болған

"Алтын Орда" базарының иесі әлі де Болат Назарбаев па - министр жауап берді
коллаж: Qaz365.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев “Болат Назарбаев Алматыдағы аты шулы “Алтын Орда” базарының иесі ме?” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Біз құжаттарды тексеріп, зерттеп шықтық. Оған сай, ол (Б.Назарбаев) базардың меншік иесі емес. Сол себепті «Болат Назарбаев – базар иесі, оның адамдары сол жерде отыр» деп айтуға заңды тұрғыдан құқығым жоқ. Меншік иелері болып тіркелген тұлғалар бар, бұл ЖШС ретінде тіркелген. Олар жол картасына қол қойды, міндеттеме алды, солардан сұралады”, – деп жауап берді ол.

Болат Назарбаевтың “Алтын Орда” базарына қатысының бар-жоғы тексеріле ме деген сұраққа министр “факт болса, кез келген адамды тексеруге болатынын” айтты. 

“Егер Болат Назарбаев тіркелсе, үлесі болса, келісімшарттарға қол қойса, онда заң алдында бәрі тең. Басымдық ешкімге берілмейді. Сондықтан біз осы базарды заңды түрде өз атына тіркеген адамдармен жұмыс істейміз”, – деді министр.

Қаңтар оқиғаларына дейін “Алтын Орда” базары бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қарасты құрылымдарға тиесілі болған.

Еске сала кетейік, қыркүйекте “Алтын Орда” базарының саудагерлері наразылыққа шыққан болатын. Олар 2022 жылдың қазан айынан бері әрқайсысы кем дегенде 12 млн теңгеден, жаңа сауда орындарын аламыз деп, қаражат жинаған. 

Саудагерлердің айтуынша, «Altyn Orda new company» ЖШС иесі Данияр Әлпиев пен оның серіктесі Ермек Омаров 2023 жылы 9 маусым мен 2024 жылдың 9 қаңтары аралығында, жарты жылда саудагерлер үшін жабық сауда алаңдарының құрылысын бітіруге уәде беріп, алдын ала қаражатты жинап алыпты. Алайда бүгін наразылыққа шыққан салымшылар құрылыстың 25 пайызы ғана аяқталғанын, ал Данияр Әлпиевтің үстінен полиция қылмыстық іс қозғағанын айтып алаңдап отыр.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →