×

"9-20-25" бағдарламасымен кімдер баспана алады: шарттары қандай

Бұл бағдарлама жастарға арналғандықтан, оған деген сұраныс та жоғары болады деп болжануда

"9-20-25" бағдарламасымен кімдер баспана алады: шарттары қандай
Фото: info.homsters.kz

"9-20-25" бағдарламасы жыл сайын 8 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ете алады. Қазір жаңа бағдарламаны "Отбасы банк" пен "Бәйтерек" холдингі бірлесе әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдарламада 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады.

Бұған дейін экс-премьер-министр жаңа бағдарламаны іске қосу үшін бюджеттен қаражат бөлінбейтінін атап өткен.

"Жаңа ипотеканы жүзеге асыру үшін жыл сайын 150 миллиард теңге қаражат керек. Бағдарламаны іске қосуға нарықтан 100 миллиард теңге, "Отбасы банктің" таза табысынан 50 миллиард теңге бөлуіміз қажет болып отыр. 9 пайыздық мөлшерлемеге шығу үшін осылай қаржыландырудың екі көзін қарастыруға тиіспіз", – деді ол.

Ал "Отбасы банк" төрайымы Ләззат Ибрагимова бағдарламаның жас отбасыларға арналатынын айтты.

"Жас отбасыларға арналған бағдарламаны әзірлегеніміз дұрыс деп санаймыз. Өздеріңізге мәлім, бізде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар, жетім балалар, 1-2 топ мүгедектері қатысатын "Бақытты отбасы" деген мемлекеттік бағдарлама бар. Соңғы кезде бізге жас отбасылар жиі хабарласа бастады. Олар "біздің бір баламыз бар, баспанамыз жоқ, мемлекеттік қызметте істемегендіктен, ешбір санатқа сәйкес келмей тұрмыз" дейді. Жаңа бағдарлама осындай жас отбасыларға арналады", – дейді "Отбасы банк" төрайымы.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, "9-20-25" бағдарламасына нарықтан қаржы алынатындықтан, оның пайыздық мөлшерлемесі "7-20-25" бағдарламасымен салыстырғанда көбірек болып отыр. Бағдарламада негізінен жұмыс істейтін жас отбасыларға басымдық беріледі. Сондай-ақ, "9-20-25" бағдарламасына өтініш беретін үміткердің басында соңғы бес жылда баспана болмауы тиіс. Одан бөлек, бұл бағдарламаға үміткер тек бір рет қатыса алатыны да белгілі болды.

"7-20-25" бағдарламасында қатысу санына байланысты ешқандай шектеу болған жоқ. Яғни, үміткер 2019 жылы осы бағдарламамен пәтер сатып алып, кейін баспана бағасы қымбаттаған кезде ол пәтерін сатып, 2021 жылы бағдарламаға қайта қатыса алатын еді. Ал,"9-20-25" бағдарламасында бір үміткердің бірнеше рет қатысуына мүмкіндік берілмейді. Сонымен қатар, соңғы бес жылда үміткердің баспанасы болған-болмағанын мемлекеттік деректер базасынан тексереміз", – деді Ләззат Ибрагимова.

"9-20-25" бағдарламасында дайын үйлерден ғана емес, "Қазақстанның тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігімен салынып жатқан үйлерден де пәтер алуға мүмкіндік беріледі. Бағдарламаның толық шарттары мен механизмдері алдағы уақытта белгілі болады.

Еске салайық, бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» ипотекалық бағдарламасының 1 наурызда іске қосылатынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →