×

Енді бәс тігетін жеке тұлғаларды кірістер комитеті бақылауға алады

Қадағалау шарасы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді

Енді бәс тігетін жеке тұлғаларды кірістер комитеті бақылауға алады
Фото: aikyn.kz

Бәс тігетін жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алады. Елдегі 11 букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар мәліметтерін салық органдарына беруге міндеттеледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan-ға сілтеме беріп.

Ол жерде бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі, ұтыс сомасы мен нәтижесі, ойын шотындағы операциялары толық көрсетіледі. Жинақталған деректер құпия сақталады.

«Бұл қағидалар берілуге жататын мәліметтердің тізімін көздейді. Оның ішінде бәс тігуге қатысатын жеке тұлғалардың мәліметтері сондай-ақ, бәс тігу бойынша жалпы ақпарат. Сомалары, оның нәтижелері дегендей. Бұның құпиялылығы тиісті заңнама актілеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі», – деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.

Қадағалау шарасы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →