×

Семейдің бас жоспары бекітілді. Алашорданың астанасы 2040 жылы қалай өзгереді?

Жоспарлау тұрғысынан қала аумағын ұйымдастырудың радиалды-сақина құрылымы қабылданды 

Семейдің бас жоспары бекітілді. Алашорданың астанасы 2040 жылы қалай өзгереді?
Фото: gurk.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Семей қаласының бас жоспары әзірленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Болжам бойынша, 15 жылдан кейін Семей қаласының халқы шамамен 385 мың адамға дейін өседі. Ал тұрғын үй қоры екі есеге жуық өседі  (5,9-дан 11,2 млн шаршы метрге дейін).

Сол себепті Семейді дамыту жоспарын әзірлеуші ​​«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу және жобалау институты екі ауданды Семейді де елордадағыдай екіге бөлуді ұсынып отыр (оң және сол жағалау).

«Әрбір негізгі жоспарлау аймағы 4 тұрғын ауданнан тұрады. Тұрғын аудандарды бөлетін бөліктер негізінен қаланы кесіп өтетін теміржол желілері болады. Сондай-ақ, Абай көшесінен солтүстік бағытта теміржол вокзалына дейін теміржол бойымен облыстық маңызы бар автомобиль жолын салу ұсынылды. «Железнодорожный» елді мекені болжамды мерзімде көпқабатты тұрғын үй кешендері болып қайта жаңғыртуға жіберіледі», – делінген құжатта.

Демографиялық есептерді ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 908 орындық 14 жаңа мектеп, 8 735 орындық 26 жаңа балабақша және ауысымына 2 185 келушіге арналған 7 емхана салу қажет. Сонымен қатар, өнеркәсіптік аймақтарды абаттандыру қажет.

«Семей аумақтық жағынан солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс бағытта дамиды. Қаланың батыс бөлігіндегі жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік аудандардың аумақтарында өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық-қойма кәсіпорындарын дамыту ұсынылады».

Жоспарлау тұрғысынан қала аумағын ұйымдастырудың радиалды-сақина құрылымы қабылданды. Жоба бойынша оңтүстік-батыс бөлігінде қаланың шеткі бөлігі арқылы өтетін, транзиттік жүк көліктерінің қозғалысына арналған сыртқы жартылай айналма (айналма жол) құру жоспарлануда.

Соған орай, шаһар басшылығы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, қала тұрғындарын Семей қаласының Бас жоспарының жобасымен танысуға және қоғамдық талқылауға шақырады.
Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2024 жылғы 16 ақпаннан 15 наурызға дейін Абай атындағы кітапхана ғимаратында танысуға болады.
Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 86.Ғимаратқа кіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →