×

«Жалпы күш –жігермен»: Абай облысының Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты

«Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға арналды

«Жалпы күш –жігермен»: Абай облысының Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Акция басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартуда. Ал жалпыаудандық сенбілікте 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды.

«Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға арналды. Аудан орталығында 500 түп ағаш отырғызылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда, тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыруды, жасыл аймақ құруды бастадық. Мысалы, бір ғана Аягөз қаласын көгалдандыру үшін 500 ағаш отырғызылды. Біз осы бағытта жұмыс істей береміз» - дейді Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Гүлнар Әбуталипова.

Аудандық мәслихат депутаты Айдар Нәдірбай да тұрғындардың, мекеме өкілдерінің тазалық акциясындағы белсенділігін ерекше атап өтіп, 6 мыңға жуық адамның сенбілікке қатысуы экологиялық сауатты қоғамның белгісі деген пікір білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дархан Сатыбалды «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты
Бүгін, 16:19

Дархан Сатыбалды «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты

Алматыда «Атакент» кешенін кезең-кезеңімен қайта құру жоспары ұсынылды
17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →