×

Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды

Медицина қызметкерлері өздері барған елді мекенде бес жыл жұмыс істеуге міндетті

Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңға сәйкес, енді ауылға жұмыс істеу үшін баратын медицина қызметкерлеріне ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі. Бұл 8,5 миллион теңге.

Айта кетері, биылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.

«Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және материалдық тұрғыдан қорғауға және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған. Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді). Сонымен қатар медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған  түзетулер қабылданды. Өзгерістер медицина мамандығына құрметпен қарауды көздейді. Кәсіби қызметіне кедергі келтіруден қорғайды», - дейді сенатор Айгүл Қапбарова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →