×

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төрағасының Түркістандағы аурухана жұмысымен танысты

Әңгімелесу барысында пациенттерді емдеуде енгізілетін инновациялар да атап өтілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» төрағасының Түркістандағы аурухана жұмысымен танысты

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары І.Мұхамеджан және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Н.Кидирбаев Түркістан қалалық орталық ауруханасының ағымдағы жағдайымен танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сапар аясында аурухананың қабылдау бөлімін, травматологиялық бекетін, консультативті – диагностикалық қызметтер бөлімшесі мен ота бөлімінің рентгенхирургия ота залын аралап, жұмысымен егжей – тегжейлі танысты, сондай – ақ мекеме басшысы Б.Берденовпен стационарлық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, одан әрі дамыту, тарифтеу мен қаржыландырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында пациенттерді емдеуде енгізілетін инновациялар да атап өтілді. Мысалы, заманауи эндовидеохирургиялық кешендерді пайдалана отырып, кеуде, ретроперитонеальді кеңістіктің, іш және кіші жамбас органдарының ауруларына аз инвазивті эндо және лапароскопиялық оталар жүргізу практикасы белсенді қолданылатыны, ағымдағы жылдан бастап мұнда тізе жамбас буындарын протездеу мен ревизия әдістері енгізілдігі, туа біткен жақ – бет аномалияларына әртүрлі реконструктивті – пластикалық оталар жасалатыны, соңғы 6 айда Euroampli Alien Cardio 3030, жылжымалы ангиографиялық жүйесі арқылы коронография, стенттеу, ангипластика, эмболизация бойынша 700 ден аса ота жасалғандығы, сонымен қатар кардиовертерді дефибриляторды импланттау және есту аппараттарын импланттау бойынша жоғарғы технологиялық медициналық қызмет түрлерінің енгізілгендігі баяндалды.

Өзінің жұмыс сапарын қорытындылай келе, І.Мұхамеджан аурухана әкімшілігінің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын сауатты басқаруының, жақсы қойылған жоспарының, дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлердің жоғары біліктілігінің арқасында аудан халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі жақсы деңгейге жеткізілгенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Кеше, 17:27

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →