×

Қазақстанда бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға 50 мың адам қол қойды

Енді петиция үкімет деңгейінде қаралады

Қазақстанда бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға 50 мың адам қол қойды
Фото: ашық дереккөзден

Бірыңғай уақыт белдеуін алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойған. Заңға сәйкес, оны енді үкімет қарауы керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін epetition.kz сайтында «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен петиция жарияланған болатын. Бүгін оған қол қойып, дауыс берген адамдардың саны 50 мыңға жетті.

Ал қолданыстағы заңға сәйкес, 50 мың дауыс жиналған петиция үкімет деңгейінде қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты. Он бес өңір жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа шегерді.

Айта кетейік, жуырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуіне қатысты сұраққа жауап берген болатын. Ол кезде петицияға 40 мың адамның қолы қойылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →