×

«Қиын жағдайдамын»: президенттікке экс-кандидат Рахымбековтың қызы тағы көмек сұрады

Екеуінің арасындағы дау 2022 жылы басталған

«Қиын жағдайдамын»: президенттікке экс-кандидат Рахымбековтың қызы тағы көмек сұрады
Ашық дереккөздерден

Ол баспанасынан айырылып, қазір дағдарыс орталығында бір жастағы баламен жүргенін айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қайырлы күн! Менің есімім Рахымбекова Айбота Төлеутайқызы. Мен өгей әкем – Төлеутай Рахымбековтің әрекетіне байланысты жәбірленушімін. Бір жастағы баламмен дағдарыс орталығында қиын жағдайдамын. Бұл адам «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары. Қазақстан президенттігіне үміткер болған. Мен ол қазір бүкіл әкімшілік ресурстарын іске қосып жатыр деп есептеймін, сол себепті әділеттілікке қол жеткізе алмай жүрмін. Мен өз мемлекетіме, бүкіл мемлекеттік органдарға, барлық инстанцияларға жүгінемін, барлық есіктің сыртынан қағып тұрмын, құдай үшін, менің үнімді естіп, маған көмектесіңіздерші. Азамат, ана ретінде менің қақымды қорғаңыздаршы. Әділеттілікке жетуге көмектесіңіздерші», - дейді Айбота Рахымбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы шағымымен Айбота Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен де кездескен. Ол «Төлеутай Рахымбеков мені алдап, баспанамнан айырды» дейді. Айтуынша, алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, ол 9 айдан бері жалғасып келеді. Айботаны дағдарыс орталығынан шығарғалы жатыр. Әкімнен Айбота баспана сұраған.

Жеңіс Қасымбек ешкім де Айботаны дағдарыс орталығынан шығармайтынын, ары қарай көмектесуге тырысатынын айтқан. Жеңіс Қасымбек Салтанат Рахымбекованы жеке танығанын, Айботаның қандай жағдайда қалғанын хабардар екенін айтқан.

Президенттікке үміткер Төлеутай Рахымбеков пен Айбота Рахымбекованың арасындағы дау 2022 жылы басталған. Айбота ол кезде әлеуметтік желіге видео жариялап, анасының қазасынан кейін Рахымбеков бірнеше рет дөрекі қырындап, қалған мұраны өзіне алдап алып алғанын айтқан. Ал Төлеутай Рахымбеков ол тұста өзіне қарсы айтылған сөздің бәрін жала деп, Айботаны сотқа беруге мәжбүр екенін мәлім еткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
14.06.2024ж. 22:58

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға

Негізінде, ғибадатта ниет ету – өте маңызды
Қазір базарда құрбандық шалу үшін мал іздеп жүрген халықтың қарасы қалың
Сондай-ақ ол Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →