×

Сарыағашта перинаталды орталық салынады – Дархан Сатыбалды

Медициналық кешенде перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады

Сарыағашта перинаталды орталық салынады – Дархан Сатыбалды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 23 және 26 сәуір аралығында ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының күндері өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осының алдында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесті. Екеуі  медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар мәселені талқылады. 

Сарыағашта перинаталды орталық салынады. Медициналық кешенде перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады. Бұл туралы облыс әкімі ҚР Президент іс басқарамасы медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесуде айтты. Сөзінше медицина саласын жетілдіру үшін мамандар арасындағы біліктілікті арттырып, озық тәжірибе мен технологияларды жаңартуға басымдық беріледі.

«Біздің өңірде халық тығыз орналасқаны белгілі. Еліміздегі әрбір төртінші көпбалалы ана осында тұрады. Әрбір алтыншы-жетінші сәби де біздің өңірде дүниеге келеді. Соңғы бес жылда өзге көрші өңірлерге 484 мың адам қоныс аударған. Сондықтан Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау мен білім саласын дамыту ең маңызды мәселеле болып отыр. Өңірде бірқатар жаңа медициналық нысан бой көтеріп жатыр. Оңтүстік аймақтарда 1 миллионға жуық халық тұрады. Облыс орталығына жету алыс. Сондықтан халыққа шекара асып, көрші елдерде емделу тиімді болып тұр. Біз өз тұрғындарымызға жоғары сапалы дәрігерлік көмек беруге күш салуымыз керек», - деді Дархан Сатыбалды.

Кездесу нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі мен медициналық орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, орталық қызметкерлері екі күн ішінде 200-ден астам тегін кеңес берді. Және бұрын-соңды болмаған 13 күрделі операцияны сәтті аяқтады. 400-ден астам тыңдаушының қатысуымен аймақ дәрігерлеріне арналған 28 презентация мен шеберлік сабақ өткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Цензура? Астанада журналиске Үкіметке кіруге тыйым салынды
Кеше, 19:18

Цензура? Астанада журналиске Үкіметке кіруге тыйым салынды

Қазіргі уақытта Жәния Уранқаеваның үкімет ғимаратына кіруге рұқсаты жоқ
Алматы қаласында танысқан жұбайы балаларын тәрбиелеуге белсене атсалысуда
Розыбакиев көшесіндегі 1500 орындық екінші мектеп 2024 жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →