×

Түркістандық дәрігерлер бас терісінің 90 пайызы күйік шалған баланы қалай аман алып қалғанын айтты

Бала алдымен жедел жәрдем қызметімен Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізілген

Түркістандық дәрігерлер бас терісінің 90 пайызы күйік шалған баланы қалай аман алып қалғанын айтты

Түркістан облысында жеті жасар баланың басына аутодермапластикалық ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары ыстық майға күйіп, бас терісінің 90%-ы күйік шалған бүлдіршінге ота жасады. Бала алдымен жедел жәрдем қызметімен Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Одан кейін, науқасқа мамандандырылған көмек көрсету үшін Түркістан облыстық балалар ауруханасынан дәрігерлер шақыртылған. Сондай-ақ, облыс орталығынан келген білікті мамандар күйік шалған баланы санавиация желісімен Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырған. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты отаға бір ай уақыт дайындап, антибактериалды, инфузиялық ем, күнделікті таңып-байлау емдерін жүргізген. Ота кезінде түркістандық комбустиолог мамандар Шолпан Қадирова және Бақыт Абдуманов баланың сан аймағынан терісін алып, басына тері қондырды. Ота сәтті өтіп, бала үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта науқасқа оңалту емі жүргізілетінін жеткізді.

«Жеті жасар бала бауырсақ пісірген ыстық майға күйген. Басына ота жасалынып, бала 33 күн ауруханада жатып үйіне шығарылды. Енді бала жуырда реабилитация емді қабылдайды. Осындай оқыс жағдайлар болған кезде, яғни балаңыздың денесің күйік шалған болса, дереу таза сумен жуған дұрыс. Ешқандай жақпа майлар көмектеспейді, дәрігердің қарауынсыз ем дом жасауға болмайды. Бірден медициналық мекемелерген жүгінген абзал. Халық емінде ыстық сумен күйгенде тіс пастасын жағу керек деп жатады, алайда бұл дұрыс емес тіс пастасының құрамындағы заттар организмге кері әсер етеді. Денеңіз күйіп қалған болса салқын суға 10-15 минуттай ұстау тұру керек, мұз басуға болмайды», – дейді комбустиолог маман Шолпан Қадирова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →