×

Түркістан облысында жыл басынан бері 21 мыңға жуық сәби дүниеге келді

Апталықтың басты мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру

Түркістан облысында жыл басынан бері 21 мыңға жуық сәби дүниеге келді

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша еліміздегі көш бастап келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өткен жылы аймақта 56 мыңға жуық нәресте туған. Ал 2024 жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашқан. 

Бұл жайында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді. 

«Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі. Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген. Сонымен қатар, 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр. Осындай ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірімізде 24-30 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы өтпек», – деді Бауыржан Нұрланұлы. 

Апталықтың басты мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу. 

Сондай-ақ қазіргі таңда еліміздегі 10 миллионнан астам әйелдің 4 миллионнан астамы фертильді жастағы әйелдер болса, 6 миллионға жуығы балалар екенін жеткізді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚҚ Түркістан облысы «Әйелдер кеңесі» төрайымы Баян Жандосова.

Сонымен қатар апталықтың ашылуына арнайы келген ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесi Назым Жанғазинова ата-ана мен бала арасында жоспарланбаған жүктілік жөнінде ашық әңгіме болуы керектігін айтып, ұлт болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1,5 жылда қазақ тілін үйренем деген министр мемлекеттік тілді дамытпақшы
Кеше, 22:34

1,5 жылда қазақ тілін үйренем деген министр мемлекеттік тілді дамытпақшы

Ресейде туған министр былтыр күзде 18 айда қазақ тілін үйренуге уәде берген еді
Қалалық мобилділік басқармасы 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге өскенін атап өтті
3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →