×

Түркістан облысы Келес ауданында биыл дәрігерлік амбулатория ашылады

Түркістан облысы халқының медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 63,1% деңгейінде бағаланды

Түркістан облысы Келес ауданында биыл дәрігерлік амбулатория ашылады
Фото: egemen.kz

Келес ауданындағы Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмысына бюджеттен 305 миллион теңге бөлінген. Нысанның негізгі міндеті - аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақытылы медициналық тексеруден өткізу. Жалпы Бірлік елді мекенінен бой көтеріп жатқан медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Сала мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл жыл соңында аяқталып, қолданысқа берілетін болады. Бүгінде жалпы облыста салынып жатқан медициналық ғимараттарды салуға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Бұдан бөлек, өңірдегі салынып жатқан медициналық нысандар озық медициналық жабдықтармен жарақтандырылып, білікті медициналық персоналмен қамтамасыз етілуде. Бұл ауылдық аумақтардың тұрғындарына өз елді мекендерінде сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, Түркістан облысы халқының медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 63,1% деңгейінде бағаланды, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен асады. Бүгінде облыста медицина саласы бойынша 45 мемлекеттік мекеме, 700-ден астам ұйым және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана бар. Жылына облыс халқына 3 миллионнан астам клиникалық-диагностикалық қызметтер, 900 мыңнан астам жедел жәрдем шақыртулары, 3,5 мыңға жуық санавиация шақыртулары жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Зәкиева қауіпті ойындар мен кітаптардың тізімін жариялады
Бүгін, 09:27

Зәкиева қауіпті ойындар мен кітаптардың тізімін жариялады

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында осыған арнап пост жариялады
Жоба Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды
Енді кеткен кемшілікті жоюға он күн уақыт беріледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →