×

Ұлытаулық спортшы Испаниядан күміс жүлде еншіледі

Ұлытаулық спортшы Испаниядан күміс жүлде еншіледі
Ұлытау облысының әкімдігі

Испания астанасы Мадрид қаласында өткен ересектер арасындағы еркін күрестен «T.I. GRAN PREMIO DE ESPAÑA FREE STYLE MADRID» атты халықаралық класс «А» турнирі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған жарысқа Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Ұлытау облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің палуаны, Жезқазған Қаласының Морбжм мен Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортқа дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтегі респубикалық мектеп-интернат-колледжінің түлегі 57 келі салмақ дәрежесінде Аманкелді Еламан (Бапкерлері: Данияр Сәрсенбаев, Талғат Кәрімов және Жасұлан Шубайтегі) қатысып, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Айта кету керек ұлт ұясы - ұлытаудың палуаны Аманкелді Еламан еркін күрестен Ұлытау облысының бас бапкері Шұбайтегі Жасұлан Маратұлының қол астында Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ұлытау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының сапында бірнеше оқу-жаттығу жиындарына және еркін күрестің отаны Дағыстан елінде өткен бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асу Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді
Бүгін, 01:08

Асу Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

Осылайша, Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.
20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионаты Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті.
Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →