×

Бір күнде екі қазақ баласы Азия чемпионы атанды – видео

Еркін күрестен алдымен  70 келіге дейін салмақтағы Санжар Досжанов топ жарды

Бір күнде екі қазақ баласы Азия чемпионы атанды – видео

Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында екі бірдей қазақ балуаны жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еркін күрестен алдымен 70 келіге дейін салмақтағы Санжар Досжанов топ жарды.
Ол финалда өзбек спортшысы Зафарбек Отакхоновты сенімді ұтты.
Отандасымыз оған дейін 1/8 айналымда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза жеңген. Сосын қырғызстандық Орозобек Токтомбетов өте тартысты белдесу өтті. Қазақ балуаны бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Осыдан кейін Санжар ирандық Мортеза Хассанәлінің осал тұсын тапты.

Былтыр Моңғолияда бұл салмақта күрескен ұлттық құрама өкілі Сырбаз Талғат қола медаль жеңіп алған.
Екінші алтын 79 келідегі Болат Сақаевқа тиесілі.
Жерлесіміз жапониялық Яджуро Ямасаки, Амир Хосейн Кавусифарнан басым түсті. Шешуші кезеңде өзбек Бекзод Абдурахмановтың жауырынын жер иіскетті.

Бұл күрестен Қазақстан құрамасының осы Азия чемпионатындағы бесінші алтыны. Осыған дейін Ибрагим Магомадов (грек-рим), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Жәмилә Бақбергенова  (әйелдер күресі) топ жарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →