×

«Менен кінә жоқ»: Жалғас Жұмағұлов UFC шаршы алаңына шықпай қалғаны туралы

UFC шаршы алаңына екі рет қатарынан шықпай қалған Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады

«Менен кінә жоқ»: Жалғас Жұмағұлов UFC шаршы алаңына шықпай қалғаны туралы
sports.kz

6 мамырда Жалғас Жұмағұлов UFC 288 турнирінде америкалық Нэйт Мэнноспен жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда ол жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады, оның орнын бразилиялық файтер Рафаэл Эстевам басқан. Ол да салмақ өлшеміне байланысты жарысқа жіберілмеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sports.kz cілтеме жасап.

«Әрине, ұнамсыз жағдай, ең ұзақ дайындық кезеңім, ең жақсы дайындықтағы сәтім. Жалпы, өзімнің қалай өзгергенімді көрсетсем дегенмін. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтайтындығыма сенімді болғанмын. Әрине, өкінішті... Осынша дайындалғанда. Бірақ әр нәрсенің арғы жағында жақсы нәрсе барын біліп, көре алу керек. Енді күтетін боламын. Таяуда келесі жекпе-жектің уақыты белгіленуі керек. Осында қалып, дайындалатын боламын», - деді Жалғас Жұмағұлов Sports.kz-ға берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол дайындыққа кеткен шығынды UFC өтейтін-өтемейтіндігіне қатысты сұраққа да жауап берді.

«Не деуге болады? UFC-ге келетін болсақ, шығынды өтейді деп ойлаймын. Қалай дегенмен де келісімшартта көрсетілген шарттарды өз басым орындадым, турнирге келдім, менен кінә жоқ қой. Гонорардың жартысын төлеуі керек деп ойлаймын»,  — деді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →