Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндия құрамасынан жеңілді
Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндия құрамасынан жеңілді. Матчтан кейін бас бапкер Магомед Адиев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Магомед Адиев, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
– Біз бұл матчқа дайындалғанда әр түрлі схемаларды жоспарлаған едік. Басында басқа, ойын соңында екінші схемамен ойнау керек едік. Бірақ жүзеге аспады. Бірінші таймда Абат Айымбетов прессинг жасап, жоғары ойнауы тиіс еді. Басқалары соған көмектесу керек болған. Негізі қауіпті бірнеше шабуыл ұйымдастыра алдық. Екінші таймда Оразов пен Самородовты шығарып, шабуылды жаңаша өрбітуге тырыстық. Жеңілдік, демек соған лайықтымыз. Есеп таблода жазылды. Жалпы, ойын бойынша тең нәтиже әділетті болушы еді. Біз өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Қарсылас гол соқты. Сөйтіп, есе жіберуге тура келді...
– Үзілістен кейін Абат Айымбетовті алып тастадыңыз. Неге тізімде жалғыз шабуылшы?
– Дәл қазір ойынға өзгеріс әкеле алатын шабуылшы бар деп айта алмаймын. Абат таза «тоғыздық». Екінші жоспарымыз – Самородов пен Оразовты шабуылда ойнайту.
– Зайнутдинов төменге түсіп ойнайды. Осының себебін айтсаңыз?
Ол үнемі солай төмен түсіп ойнағанды дұрыс көреді. Өйткені жартылай қорғаушы ғой. Басында шабуылда ойнап жүрген. Сосын Оразов кіріп, Бактиер төменге түсті.
– Сырт алаңда финдерді жеңу үшін не істеуге болады?
– Әзірге бірдеңе өзгерту керек деп санамаймын. Алдымен Солтүстік Ирландияны жеңіп алайық. Сосын Даниямен кездесеміз. Финляндияға дейін екі матч тұр. Дайындаламыз.
– Екінші таймда ойынды өзгерту үшін Оразов шыққанын білеміз...
– Рамазан алаңға шыққан соң, 3-6-1 схемасы бойынша ромб ойнағымыз келген. Өйткені қарсыластың орталық алаңда шеберлігі жоғары ойыншылары жетерлік. Асхат Тағыберген пен Исламбек Қуатқа, Аслан Дарабаев пен Абат Айымбетовқа тапсырма бердік. Ал Зайнудтинов қарымта шабуылда нәтижеге ойнауы тиіс болған. Екінші таймда да басында бәрі жоспары бойынша өрбіп жатты. Самородов пен Оразов шығып, 5-3-2 схемасына өттік. Сосын бір сәтте жоспарымыздың күл талқаны шықты.
– Алда Солтүстік Ирландиямен кездесуде қандай өзгеріс болады?
– Айымбетов екі ойында 90 минут ойнау керек болған. Бүгін екінші таймда Самородовты шығарып көрдік. Абат біз үшін маңызды әрі керек ойыншы. Алдағы кездесуде қалай пайдаланатымызды көреміз. Әлі ойланатын уақыт бар. Ол алаңға шығады.
Анықтама:
Қазақстан – Финляндия – 0:1
Гол: Оливер Антман 78
Ескертулер: Максим Самородов 60, Ислам Чесноков 87
Қазақстан: Игорь Шацкий (қ), Ян Вороговский (Тимур Досмағамбетов 82), Нұралы Әліп, Марат Быстров, Александр Марочкин, Лев Скворцов (Еркін Тапалов 66), Асхат Тағыберген (к), Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев (Рамазан Оразов 66), Бактиер Зайнутдинов (Ислам Чесноков 82), Абат Айымбетов (Максим Самородов 46);
Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (қ), Александр Заруцкий (қ), Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бағдат Қайыров, Абзал Бейсебеков, Владислав Прокопенко;
Бас бапкер: Магомед Адиев.
Финляндия: Лукас Градецки (қ), (к), Рихард Йенсен, Артту Хосконен, Роберт Иванов, Николай Алхо, Илмари Нисканен, Расмус Шуллер (Глен Камара 67), Каан Кайринен, Оливер Антман (Роберт Тейлор 85), Теэму Пукки (Бенджамин Келлман 67), Йоэль Похьянпало;
Қосалқы құрам: Джесси Джоронен (қ), Уильям Синисало (қ), Миро Тенхо, Джере Уронен, Пури Соири, Диого Томас, Ноа Паллас, Матти Пелтола, Ниило Мэенпа;
Бас бапкер: Маркку Канерва.
Төрешілер: Раду Петреску, Раду Гингулац, Мирча Григориу, Марсель Бирсан (барлығы – Румыния)
VAR төрешілері: Каталин Попа, Мариан Барбу (екеуі де Румыния)
09.07.2023 ж. Астана, Астана Арена. 30 019 көрермен