×

Қазақстан-Финляндия матчында Нұрлан Қоянбаев стадионда 20 мың туды тегін таратты

Сондай-ақ, мачта жанкүйерлерді Атамекен әнін орындауға шақырды

Қазақстан-Финляндия матчында Нұрлан Қоянбаев стадионда 20 мың туды тегін таратты
Qaz365.kz коллажы

Финдерге қарсы ойында әлеуметтік желідегі оқырманының бәрін жанкүйер болуға шақырған белгілі продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев стадионда 20 мың туды тегін таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қоянбаев Мемлекеттік туды таратуға көмектескен Қазақстан футбол федерациясына алғысын білдірді. 

«Егер үйлеріңізде осындай көк ту болса әкеліңіздер. Бүгін үлкен флешмоб жасаймыз», - деді матч алдында ол.


Қоянбаев сонымен бірге әр матчтың 30-шы минутында Атамекен әнін орындауға шақырды. Әннің мәтінін ол стадиондағы орындықтарға қойып кеткен. 

Расында да актердің айтқаны орындалып, матч барысында стадионда көк туы ұстағандар бір кісідей Атамекен әнін орындады. Ұлттық құрамаға осылайша үлкен қолдау көрсетті. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы кеше Еуро-2024 аясында өз алаңында Финляндия командасын қабылдады. Тартысты ойында ұлттық құрама 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қарсыластар тарапынан жеңіс голын 78 минутта Антман салды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді
Бүгін, 07:26

Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді
Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →