×

"Аңсаған жеңіс - алтын медаль": Ислам Байрамуков әлем чемпионатында топ жарған Ризабек Айтмұқан жайында пікір білдірді

Еркін күрес шебері осы қарқынды тоқтатпаймыз дейді 

"Аңсаған жеңіс - алтын медаль": Ислам Байрамуков әлем чемпионатында топ жарған Ризабек Айтмұқан жайында пікір білдірді
Qaz365.kz коллажы

Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков әлем чемпионы атанған Ризабектің жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Аңсаған жеңіс, тарихи жеңіс  – алтын медаль. Еркін күрес тарихында бірінші медаль.  Сұхбат бергенде, тікелей репортаж жүргізгенде үнемі менен «біз қашан алтын медаль аламыз? Қырғыздар қаншама медаль алып жатыр, біздікілер қашан алады?» деп сұрайтын еді. Сол кезде дарынды балаларымыз бар, дайындалып жатыр, біргүні топ етіп түседі деп  жауап беретін едім.

Жарысқа кетер күні Ризабекпен кездескен болатынбыз. Ол кезде жасөспірімдер арасында  әлем біріншілігінде   ирандық спортшыға есе жіберіп, күміс медаль алған кез еді. «Аға, кеш дайындалдым» деді. Міне, күні кеше сол тарихи сәтке қол жеткіздік. Осы қарқынды тоқтатпаймыз", - дейді еркін күрес шебері. 

Сондай-ақ, Ислам Байрамуков Азамат Дәулетбековтен де үміт күтетінін айтты. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →