×

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан: Бойдақпын дегенде жарым бар

Ризабек отбасы құру ниеті бар екенін білдірді

 

 

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан: Бойдақпын дегенде жарым бар
kazsports.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан отбасы құру ниеті бар екенін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан арнасындағы "1001 түн" бағдарламасында журналистің қойған сұрағына "Бойдақпын" деп айтып, артынша  "Бойдақпын дегенде, жарым бар. Бірақ әлі отбасылы емеспін" деп жауап берді

"Ата-анама жылдың басында айтқанмын, менің қызым бар. Жақсы ниетпен жүріп, құдай бұйыртып жатса некемізді қидырып, аман-есен үлкен отбасы боламыз деп уәде бергенмін. Ол жағын әлі дұрыс ойланбадық, елге қайтқан соң ақылдасып көреміз. Жоспарлар өте көп", - дейді балуан. 

Еске сала кетейік, еркін күрестен Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық палуан алтыннан алқа тақты. Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков Ризабектің жеңісін "Аңсаған жеңіс - алтын медаль" деп атады. Ризабектің жаттықтырушысы жеңіс тәртіп пен талапқа бағынғанның жемісінде келді дейді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →