×

Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсарту керек. Министр спортшылармен кездесті

Спортшылардың көңіл күйі көтеріңкі, жеңіске деген жігері мен дайындықтары жақсы екенін айтты

Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсарту керек. Министр спортшылармен кездесті

Туризм және спорт министрі Қытайдағы Азия ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ермек Маржықпаев Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі алдында Қазақстан құрамасы тұратын және жаттығатын спортшылар қалашығына барды. Министр ең алдымен, осы Азиадада еліміздің намысын қорғайтын қыз-жігіттермен кездесіп, сары құрлықтың басты спорттық жарыстарында ең жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектестігін білдірді. 

Спортшылардың көңіл күйі көтеріңкі, жеңіске деген жігері мен дайындықтары жақсы екенін айтты 

Одан кейін спортшыларымызды орналастыруға, тамақтануға, логистикаға және басқа да маңызды мәселелерге жауапты жедел штабтың жұмысымен танысты. Штаб қызметкерлері жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып, нәтижелері туралы есеп берді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасына тәулік бойы қолдау көрсетіледі. Штаб қызметкерлерінің спортшылармен бір ғимаратта тұруы кез келген проблеманы өте тез шешуге мүмкіндік береді.

«Бізге Қазақстан атынан жарысқа қатысатын спортшылардың жаттығу жабдықтары мен алаңдарына толық қол жеткізуі, жайлы тұруы, демалуы және жарыстарға еш уайымсыз дайындалуына жағдай жасау өте маңызды. Ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер жаттығулар мен медициналық бақылаудан кем емес. Біз бәріміз - Қазақстан құрамасымыз, сондықтан бірігіп, алдымызда тұрған мақсат - Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсартуға барлық күш-жігерімізді салуымыз керек», - деді Ермек Маржықпаев.


Еске салсақ, Ханчжоудағы Азиадаға Қазақстаннан спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысады. Оның 27-сі олимпиадалық бағдарламаға, қалған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрлерінен сынға түседі.
Сонымен қатар, алдағы жарыстарда 8 спорт түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика бойынша Париж Олимпиадасына лицензиялар ойналады.
Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →