×

Ханчжоудағы Азия ойындары ресми түрде ашылды

Сары құрлықтың басты бәсекесі 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді

Ханчжоудағы Азия ойындары ресми түрде ашылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашылу салтанаты жаңадан салынған олимпиалық стадионда өтті. Оған Қытай Халық Республикасының төрағасы Cи Цзиньпин, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас   Бах және бірнеше елдің басшылары қатысты.

Қазақстан туын бокстан 71 келіге дейінгі әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надеда Дубовицкая алып жүрді.

Сары құрлықтың басты бәсекесі 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласады. Айта кету керек, Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысқалы отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Кеше, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →