Стенд атудан аралас командалық сайыста
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Қазақстан алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы топ жарды. Олар жұптық сынның финалында кувейттік мергендер – Эман Әлшамаа мен Абдулла Әл-Рашидиден басым түсті.
Қатар құрамасы Бахрейннен басым түсіп, қола медаль алды. Екінші қола Қытай спортшыларына бұйырды. Сәл ертеректе Әсем мен Эдуард іріктеуде 148 ұпай жинап, 2-орынмен ақтық сынға жолдама алған.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко осыған дейінгі бірқатар халықаралық бәсекеде бірге сәтті өнер көрсетіп, елімізге тарихи жүлде сыйлап үлгерді. Атап айтар болсақ, биыл мамырда
Алматыда өткен рейтингтік әлем кубогында олар күміс жүлдегер атанды.
Сосын жазда Италиядағы әлем кубогында аралас жұптар арасында 3-орын алған.
Ал былтыр қазан айында Хорватияның Осиек қаласындағы әлем чемпионатында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасында қола жүлдеге қол жеткізген. Бұл Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы медалі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды.
Әсем Орынбай кеше нысана көздеуден 1 алтын, 1 қола алған еді.