×

Әділбек Мусин Азия ойындарында төрт рет қола жүлде алды

Азия ойындарында  50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды

Әділбек Мусин Азия ойындарында төрт рет қола жүлде алды
Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында  50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл оның осымен бұл Азия ойындарындағы екінші қоласы. Отандасымыздың алдын Оңтүстік Корея және Сингапур спортшылары орады.

ХІХ жазғы Азия ойындары, Ханчжоу. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу:

1.Инчул Баек (Оңтүстік Корея) — 23.29 секунд 
2. Вей Теонг (Сингапур) — 23.34 секунд 
3.Әділбек Мусин (Қазақстан) — 23.44 секунд.

Бұған дейін отандасымыз 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Мусин 51.86 уақыт көрсеткішімен үшін орын алған еді.

Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді. Сөйтіп, Мусин төрт дүркін Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →