×

«Сендерге оңайға соқпайды, мықты болыңдар» деп ескертті. Әлия Юсупова төрешілердің қысымы туралы айтты

Көркем гимнастикадан жеке жаттығу сайысында Эльжана Таниева мен Милана Парфилова күміс пен қола жүлде еншіледі

«Сендерге оңайға соқпайды, мықты болыңдар» деп ескертті. Әлия Юсупова төрешілердің қысымы туралы айтты
kazgymfederation

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшылар елге оралды. Көркем гимнастикадан Қазақстан үш медаль жеңіп алды. Құрама бапкері Әлия Юсупова Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында төрешілер тарапынан жасалған қысымдар туралы айтты. 

Көркем гимнастикадан жеке жаттығу сайысында Эльжана Таниева мен 16 жасқа енді толған жас спортшымыз Милана Парфилова күміс пен қола жүлде еншіледі. Командалық сайыста да Қазақстан екінші орынға тұрақтады. Екі сайыс түрінде де алтын медаль Өзбекстанға кетті. 

«Ұпайды аздау берген үшін протест жаздым. Олар біздің жазғанымызды қарастырды. Аз қойғандары көрініп қалды. Әйтпесе, әділ бағаласа тіпті біздің шағымымызды қабылдамас еді. Сосын барып, ұпайын көтерді. Жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан алғаш рет екі спортшымыз бірдей жүлдеге ілікті. Бұрын-сонды тұғырда қос қызымыз қатар тұрмаған. Әр жылдары чемпиондық біздің елге бұйырып жүрді. Бірақ екі медаль алмайтынбыз. Үш адамның екеуі Қазақстаннан болуы жоғары жетістік», - дейді Әлия Юсупова.

Азия ойындарында еліміздің атынан екі төреші қазылар құрамында болған. Олар – Алуа Бектұрова мен Екатерина Есикова.

«Біздің төрешілер де қиын болатынын ескертті. «Сендерге оңайға соқпайды, мықты болыңдар» деп айтты. Протестімді ескергендеріне қарағанда ұпайларын аз қойғандары белгілі болып қалды», - дейді көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Айта кетейік, көркем гимнастикадан 2002-2018 жылдар аралығында Қазақстан тек 2014 жылы ғана алтын алмаған. 2002 және 2006 жылғы жазғы Азия ойындарында Әлия Юсупова, 2010 жылы Анна Алябьева, 2018 жылы Алина Әділханова топ жарған. Осы жолы өзбек қызы үздік шықты. 

Осы ретте Әлия Юсупова көркем гимнастиканың қиындығын да сөз етті. Бұл спорт түріне бүлдіршіндер 3-5 жастан бастап қатысады. Таңғы 5-6-ларда тұрып, жаттығуға барады.

«Көбісі, көркем гимнастика болған соң, лента лақтырып, билеп жүре береді деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде оңай емес», - дейді бапкер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →