Екі құрама бұған дейін ресми ойындарда бес мәрте кездесіп, барлығында қарсылас команда жеңіске жеткен еді
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан сырт алаңда Финляндияны жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстан үшін матч сәтсіз басталды. Кездесудің 28-минутында финляндиялық Роберт Тэйлор есеп ашты. Ол айып соққысын дәл көздеді.
Дегенмен, екінші таймда бәрі өзгерді. Ойынның 76-минутында финляндиялық қорғаушылар өзінің айып алаңында қолмен ойнап, төрешілер пенальти белгіледі. Нүктеге келген Бактиер Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ. Сосын 90-минутта бұрыштамадан Зайнутдинов жеңіс голын соқты. Бұл оның ұлттық құрамадағы 14-ші голы. Сөйтіп, бұған дейінгі сұрмерген Руслан Балтиевті басып озды.
Екі құрама бұған дейін ресми ойындарда бес мәрте кездесіп, барлығында қарсылас команда жеңіске жеткен еді.
Бүгін сонымен қатар H тобында топта Солтүстік Ирландия мен Словения, Сан-Марино мен Дания құрамалары кездеседі.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойындарында 17 қарашада елордада Сан-Мариноны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словениямен кездеседі.
Финляндия – Қазақстан – 1:2
Голдар: Роберт Тейлор 28 – Бактиер Зайнутдинов 77 (пенальти), 89
Финляндия: Лукас Градецкий (Қ) (К) – Рихард Йенсен (Джере Уронен, 89), Артту Хосконен, Роберт Иванов, Николай Алхо (Пюри Сойри, 89) – Глен Камара, Каан Кайринен, Роберт Тейлор (Бенджамин Келлман, 78), Даниэль Хоканс – Теему Пукки (Маркус Форсс 78), Джоэл Похьянпало;
Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров (Темірлан Ерланов, 88), Багдат Қайыров (Еркин Тапалов, 81) – Абзал Бейсебеков (Исламбек Қуат, 55), Асхат Тагыберген (К) (Лев Скворцов, 87), Бактиёр Зайнутдинов – Максим Самородов (Абат Айымбетов, 86), Рамазан Оразов;