×

«Ордабасы» алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

Мәселе бірінші таймда шешілді

«Ордабасы» алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында чемпион анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-лиганың 25-турында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. Мәселе бірінші таймда шешілді. Алаң иелері 27 минуттың ішінде үш гол соқты. 

Қонақтар үзілістен кейін бір доппен жауап берді. Содан кейін ойында өзгеріс болған жоқ. Қорытынды есеп – 3:1.

Осылайша, премьер-лиганың аяқталуына бір тур қалғанда, Шымкент командасы тарихта алғаш рет чемпион атанып отыр. Олар екінші орындағы «Астанадан» алты ұпайға ұзап шықты.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды) – 3:1. 
Голдар: Жақсылықов, 4 (1:0). Умаров, 12 (2:0).Беседин, 27 (3:0). Чогадзе, 46 (3:1).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →