×

Жәнібек Әлімханұлына қазақ тілін танытуды емес, көп ақша мен титулды ойлау керек – сарапшы

Жәнібек соңғы айқаста қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеуге ие болған

Жәнібек Әлімханұлына қазақ тілін танытуды емес, көп ақша мен титулды ойлау керек – сарапшы
Фото ашық дереккөзден

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) жеңгені үшін 400 мың гонорар алған. Бұл салыстырмалы түрде аз ақша. Тіпті, одан жеңілген қарсыласы Гуальтьериге 750 мың доллар беріліпті. Сарапшылар отандасымызға қазір Америка нарығында көп гонорар табуды ойлау керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz


«Кәсіпқой бокс – бір мемлекетке тиесілі үлкен бизнес. Оның тілі – ағылшын, туы – Америка.  Кәсіпқой бокста сенің ұлтыңа, тіліңе ешкім қарамайды, мықты шоу жасай аласың ба – жұлдызсың, жасай алмайсың ба – 30-0-0 рекордымен титулсыз жүре бересің. Біздің Жәнібек Әлімханұлы қазір өте жақсы келе жатыр. Екі бірдей белбеуі бар. Енді промоутері дұрыс жұмыс істесе, қалған екеуін алып, абсолютті чемпион болуға мүмкіндігі көп.
Журналистерге сұхбат беріп: «мен АҚШ-қа ақша табу үшін емес, Қазақстанды, қазақ тілін таныту үшін келдім» депті. Жәнібек тіл қайраткері емес, ол Шаханов емес, ол – боксшы, ол бокстасу керек, көп ақша табу керек. Миссиясы сондай.  Шынын айтқанда, Америкаға қазақ тілі де, елі де наққа да керек емес. Оларға шоу керек, оларға қан керек. Сондықтан Жәнібекке қазір Шахановтың образынан шығып, Мэйвезердің образына кіру керек. Өзіне де, халыққа да керегі сол», – дейді бокстан спорт шебері, журналист Серғали Балажан.

 

Айта кетейік, Жәнібек АҚШ-та өткен айқаста қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеуге ие болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Бүгін, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →