Бапкердің балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген видеосы қоғамда резонанс тудырды
Соңғы кездері желідегі жаңалықтардан түспейтін бапкердің бірі Мұхит Амантаев сынаған хейтерлеріне жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мен жайлы тарихи әңгімелер кетіп жатыр екен. Біреулер наркоман деп атай бастапты. Иә, дәл солай. Мен наркоманмын. Мен зал, бокс, осы жұмыспен ауырамын. Жын ұрамын. Осы менің есірткім. Боксқа тәуелдімін. Құрметті ағайындар, спортпен бірге болайық. Мен сіздердің жазған пікірлеріңнен тек қана ләззат алып, жүре берейін», – дейді Мұхит Амантаев.
Жақында елордалық бокс бапкерінің балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген желіде тараған видеосы қоғамда резонанс тудырды. Қолдап жатқандар да, арасында мұндай адамға баланы қалай тапсыруға болады дейтіндер де табылады.