×

Боксшы Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады

Левит жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады
Фото: Елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Василий Левит осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Боксшы бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді.

Еске салайық, 26 ақпанда кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →