×

Құлыбаев кеткен соң, спортқа бөлінетін қаржы Геннадий Головкинге берілуі мүмкін

Жақында Головкин жаңа қызметке тағайындалды

Құлыбаев кеткен соң, спортқа бөлінетін қаржы Геннадий Головкинге берілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөздерден

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев жақында Ұлттық Олимпиада комитеті президенті қызметінен кеткен. Оның орнын даңқты боксшы Геннадий Головкин басты. АҚШ-та жүрген боксшы бұл қызметке неге келісті деген сұрақта көпшіліктің көкейінде бар. Жақында осыған қатысты бір инсайд тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Артқа сәл шегініс жасасақ, Тимур Құлыбаевтың тұсында Ұлттық Олимпиада комитеті 2018-2022 жылдары бюджеттен спортқа бөлінетін қаржыны толық игеріп келген еді. Сол кездегі мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитеті мемлекеттік қаржыны ҰОК-қа аударып, тапсырыс беруші рөлін атқарған. Қаңтар оқиғасынан кейін жағдай өзгерді. Тоқаевтың тапсырмасынан кейін министрлік комитетпен келісімшартты үзді.

Сөйтіп, 2022 жылдың 1 сәуірінен кейін спортқа бөлінетін мемлекеттік бюджет Спортты дамыту дирекциясына берілді.

Енді жақында екі бірдей спортты басқарған екі тұлға ұсталды. Атап айтсақ, «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК басшысы Оралбай Жақсымбетов аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамалды. Бұл ақпаратты Антикор ресми растады. Енді оның қатарына Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болған Самат Ерғалиев те қосылды. Әзірге Антикор бұл туралы ештеңе демеді. Тек «Спортты дамыту дирекциясының» баспасөз хатшысы Аян Төлеген растады.

Ең қызығы, Геннадий Головкиннің келуімен спортқа бөлінетін мемлекеттік бюджет Ұлттық Олимпиада комитетіне қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы спорт комментаторы Сергей Райлян жазды.

«Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық олимпиадалық комитет қаржы көзінен ажыратылды, шамасы бұл уақытша болған тәрізді. Қазір Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы басшыларының қатысуымен жемқорлық фактілеріне қатысты дау ушығып тұр. Кулуарда мұның бәрі Спорт министрлігінің құлдырап, ҰОК-тің қайта қанат жаюына себеп болуы мүмкін деген әңгіме айтылуда. Сондықтан Головкиннің қаржысы мол қызметке келіп жатқанын жоққа шығаруға болмайды», - деп жазды Сергей Райлян.

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитеті президенті болып 2015 жылы сайланған. Көптеген сыннан кейін 2024 жылдың 26 ақпанында өз орнын босатты.

2018 жылдан бастап елде спортты қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіліп, бюджеттен спортқа бөлінетін ақшаны игеру, спортшыларды дайындау, жарысқа жіберу толығымен ҰОК пен спорт федерацияларына берілген.

Араға екі жыл салып,  мемлекеттік қаржы қайтадан ҰОК-ке берілуі мүмкін. Кейбір спорт мамандары Геннадий Головкиннің осы қызметке келісуі де сондықтан деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
27.04.2024ж. 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →