Отандасымыз 66 келіге дейін салмақта күрескен
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан ұлттық құрама мүшесі Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 66 келіге дейін салмақта күрескен. Қола медаль үшін белдесуде Ғұсман сербиялық Страхина Бунчичті жеңді.
Осыған дейін Парижде Ғұсман жеңген палуандар:
Давид Гарсия Торне (Испания) - Еуропа чемпионы;
Ан Ба Уль (Оңтүстік Корея) - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы;
Валид Хяр (Франция) - әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023 жыл), Еуропа чемпионы;
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 келі, 2021 жыл), Азия чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы.
.