×

Алланың қалауы сондай болып тұр екен – Шымбергенов неге жеңілгенін айтты

Тең дәрежедегі кездесу

Алланың қалауы сондай болып тұр екен – Шымбергенов неге жеңілгенін айтты
Видеокадр

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алғашқы жекпе-жегін өткізген команда капитаны Асланбек Шымбергенов ұтылып қалды. Спортшы кездесуден себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бүгін 71 келіге дейін салмақта 1/16 финалда Иордания боксшысы Зейяд Ишаиштан жеңіліп қалды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласына берді.

«Бәрі ойдағыдай болатын. Рингке шығып, қолымыздан келетіннің бәрін жасадық. Алланың қалауы сондай болып тұр екен. Көнеміз енді, не істейміз», - дейді Шымбергенов.
Ал ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та өз пікірін білдірді. 

«Төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Жеп қойды деп те айта алмаймыз, тең дәрежедегі кездесу. Бізге берсе олар да үндемес еді. Басқа жігіттерді жақсылап дайындаймыз. Асланбек барын салды, бұйырмай тұр екен», - дейді бас бапкер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Азияда-2025 ойындарын Қазақстан 4-алтын медальмен аяқтады
14.02.2025ж. 13:03

Азияда-2025 ойындарын Қазақстан 4-алтын медальмен аяқтады

Қазақстан қоржынына 4-алтынды Ерлер хоккей құрамасы салды
Бұл –  хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі
ІХ қысқы Азия ойындарында Қытайдың Харбин қалашығында өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →