×

"Берешегі 43 млн теңге": Букмекерде ойнап, алимент төлемейтіндер көбейді

6,8 млн теңге ұтыс ретінде қолма-қол алғанымен борышын өтемеген

"Берешегі 43 млн теңге": Букмекерде ойнап, алимент төлемейтіндер көбейді
Сурет: freepik.com

Ұлытау облысында жалпы алимент бойынша берешегі 43 млн теңгені құрайтын 22 борышкер букмекерлік кеңселердің сайттарында тіркеліп, ұтысты болса да балалары үшін бір тиын бермеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі міәлімдеді.

“Ұлытау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.Шара аясында борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары араланып, атқару құжаттардың талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарлама табысталып, мемлекет пайдасына және алимент берешектерін өтеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Алиментті төлеу міндеттемелерін орындауы үшін қажетті шаралар қабылданып, 2 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды, 5 борышкердің жүргізуші куәліктерін уақытша тоқтату үшін сотқа жолданды.Сонымен қатар өңірде жалпы алимент бойынша берешегі 43 млн теңгені құрайтын 22 борышкер букмекерлік кеңселердің сайттарында тіркеліп, айналымы 10,6 млн теңгеге бәс тігіп, оның 6,8 млн теңгесін ұтыс ретінде қолма-қол алғандығы анықталды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған іс-шараның басты мақсаты жазадан құтылмаушылық қағидатын сақтау, айыппұлдар мен алиментті төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер мен іздеуде жүрген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталған. Бүгінгі күнге Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 8 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 3 әкімшілік жауаптылыққа тартылып, алимент бойынша 4,8 млн теңге өндірілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
29.05.2025ж. 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →