×

«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды

Даулы акциялар заңсыз түрде бөгде компанияның иелігінде болып келген

«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясы мемлекетке қайтарылды
Сурет: olirabot.blogspot.com

Алматыдағы автомобиль және теміржол тасымалы саласында жұмыс істейтін «Каскор-Транссервис» АҚ акцияларын мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бұған дейін 2019 жылы мемлекет пен «Aktau Petrol Ticaret AS» шетелдік мұнай компаниясы арасында бітімгершілік келісім жасалған болатын. Оның шарттары бойынша инвестор активтерді экспроприациялауға байланысты дауды реттеу шеңберінде «Каскор-Транссервис» АҚ-ның 515 мың акциясын мемлекетке өз еркімен беруге тиіс болатын. Осыған қарамастан даулы акциялар заңсыз түрде бөгде компанияның - «Oil Stream» ЖШС-нің иелігінде болды.Осыған байланысты прокуратура мемлекет мүддесі үшін мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінді”, – делінген прокуратурасының баспасөз қызметі.

Апелляциялық сатының қаулысымен прокуратураның талап-арыздарын қанағаттандыру туралы сот шешімі күшінде қалдырылды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →