Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп алған
Қарағанды облысында 1 млрд теңгенің ұрлығын жасаған “Qarmet" компаниясының қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері “Qarmet" компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады. Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған. Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу істері жалғасуда.