×

Сот Бишімбаевтың талабын қанағаттандырмады

Сот оның қаржылық жағдайын әдейі төмендеткенін анықтады. 

Сот Бишімбаевтың талабын қанағаттандырмады
Жоғарғы сот

Астанадағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарманға қатысты алимент төлемін азайту жөніндегі шағымын қарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот отырысында Бишімбаев ай сайынғы 1,6 миллион теңге көлеміндегі алиментті төмендетуді сұрады. Ол бостандықтан айырылғанын және ресми табыс көзінің жоқтығын алға тартқан.

Бұдан бөлек, ол балалар кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін де төленетін қосымша шығындарды - қосымша білім, медициналық қызмет, жыл сайынғы демалыс шығындарын (ел ішінде және шетелде, оның ішінде жол ақысы, тұру, тамақтану мен сақтандыру) келісімшарттан алып тастауды талап етті.

Алайда сот бұл талаптарды қабылдамады. Себебі Бишімбаевтың қаржылық жағдайын әдейі төмендеткені анықталды - ол 2024 жылдың тамызында сот процесінің алдында өз мүлкін тегін түрде үшінші тұлғаларға берген.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →