Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Qaz365.kz редакциясы

Синоптиктер болжамы

sn.kz

Cиноптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде ыстықтың беті қайтса, оңтүстікте керісінше қатты ыстық болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, 6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста аздаған жаңбыр жауып, 8 маусымда еліміздің солтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

"6-7 маусымда солтүстікте күндіз өте қатты ыстық болады. 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында 41 градус, 8 маусымда оңтүстік-шығыста 41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық сақталады. 8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ыстық 22-30 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.