Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы әншінің адвокаты мәлімдеді

instagram.com/toregalitoreali

Эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты. Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің TikTok-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесінің адвокаты қазір әнші үйіне барғанын жеткізді.

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!", – деп жазды адвокат.

Адвокат әншіге қолдау көрсеткен оқырмандардың пікірін жинап, видео жүктеді.

Еске салайық, әнші мас күйінде көлік айдап, ұсталған болатын. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Сот шешімінен соң Төреғали Төреәлінің адвокаты Тілеужан Кішкенбаев әншіні ұстау кезінде полицейлер өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын айтты. Ал қарындасы Дина Төреәлі елдің назарын аудару үшін ағасын құрбандыққа шалды деп санайды. Кейін үстінен билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ал Астанада 7 шілдеге жоспарланған концерті өтпей қалды