×

Елдің назарын басқаға аудару үшін Төреғалиді құрбандыққа шалды - қарындасы

Әншінің қарындасы әлеуметтік желіде ағасын қорғап, пост жазды

Елдің назарын басқаға аудару үшін Төреғалиді құрбандыққа шалды - қарындасы
dalanews.kz

Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізген әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде ағасын қорғап пост жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Күні кеше Толқын жеңгем екеуі (Төреғалидың әйелі - тілші) екеуі әуежайға асыққан. Бала-шағасы Қызылордада күтіп отырған. Ол «трезвый» болған. Сондықтан ішіп алып, рөлде отырған жерінен ұсталды деп ешкімнің жалған ақпарат таратуға құқығы жоқ», –  дейді Дина Төреәлі.

Ол бұл ретте халықтың көңілін Қазақстанда болып жатқан жағдайдан басқаға аудару үшін Төреғалиді құрбандыққа шалды деп санайды.

«Шыны керек, осындай жала жабулардан шаршадық. Миы жеткен адам әрі жағын түсініп алар. Сондай жаладан жазықсыз күйгендерді енді түсініп отырмын. Осы уақытқа дейін бүкіл Қазақстанға шулаған адамға қатысты жағдайлардың артындағы нағыз шындықты бізден басқа ешкім білмейді», - дейді әншінің қарындасы.

Ол шындықтың бетін ғана емес, түбімен қопарып тұрып айтайын десем, екінші жағы да бар деп отыр.

«Шындық ешқашан ешкімге жақпайды ғой. Қалғанын ағам бостандыққа шыққан кезде жалғастырамын», - дейді Дина Төреәлі.

Айта кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Ол әнші Төреғали Төреәлі екені расталды. Полиция әншінің есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 күнге қамалды.

Кейін адвокаты қорғауындағы әншінің кінәсі жоқ деп айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →