×

Алматы полициясы Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр

Алматы полициясы Төреғали Төреәліге қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Әнші Төреғали Төреәлінің үстінен билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті. Әнші тергеу изоляторында. Босатылмаған. 

«Жақында полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған.  20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған Төреғали Төреәлі Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, оған қылмыстық кодекстің 378-бабы ( билік өкілін қорлау) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелген.
Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Енді ол 80 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлеп немесе 80 сағатқа дейін не 20 тәулікке қамалуы мүмкін.

Бұған дейін Алматы қалалық соты танымал әнші Төреғали Төреәлі қатысты шешімді шығарғанын жазғанбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →