Атырауда білім саласының қызметкері мектептерге 5000 кітап сыйға тартпақ

Qaz365.kz редакциясы
Атырау облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Білім саласының қызметкері Амандық Есқали жас ұрпақтың санасын жаңғыртуға және олардың сапалы білім алуына бағытталған бірқатар іргелі жобаны жүзеге асырып келеді. Оның бастамасымен өңірдегі 200 мектепке 5000 кітап тарату қолға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz

2019 жылы Индербордан Махамбет мазарына дейін 50 шақырымдық аттылы экспедиция ұйымдастырылып, оған оқушылар қатысты. Бұл бастама кейін ауқымды жобаға ұласты.

2023 жылы 190 мектептің оқушылары арасында «Махамбеттің тағдыры» атты кітап оқу байқауы және Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай 450 оқушы қатысқан quiz ойыны өтті. 

Осы еңбектің нәтижесінде оқушыларға арналған «Исатай мен Махамбетті білесің бе?» кітабы жарық көрді. Онда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының өмірі туралы кеңінен жазылған.

Айта кетейік, білім саласының қызметкері жүзеге асырып отырған бұл жобалар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етпек.