Атырау облысында иен даладан адам сүйектері табылды

Qaz365.kz редакциясы

Атырау облысында Жылыой ауданына қарасты Қаратон ауылының маңында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео авторының мәліметіне қарасақ,Жылыой ауданына қарасты Қаратон ауылы маңында құм көшкенде ескі зираттар ашылып қалған. Бұл аумақ Құлсары қаласынан шамамен бір сағаттық жерде орналасқан.

Мұнда тұрғындар 1990-жылдары көшірілген.

Құлпытастардағы жазулар мен көрсетілген даталарға қарағанда, бұл жерде кеңестік кезеңге тиесілі көне зираттар орналасқан болуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрғын үй алу кезегінде шамамен 61 мың жетім бала тұр, оның 43 мыңнан астамы кәмелет жасына жеткен. Жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі сенатта көтерілді.