«Негізсіз тексеру»: Шымкенттегі директоры жұмыстан босатылған ұжым президенттен көмек сұрады

Qaz365.kz редакциясы

2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін «Келешек» мектебінде 10 рет тексеру жүргізілген

Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Шымкент қаласының №143 жалпы орта білім беретін «Келешек» мектебінің ұжымы қалалық Білім басқармасының тексерістеріне күмәнмен қарап, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мектеп ұжымының уәжін тыңдасақ, ашылғанына 1 жыл үш ай болған мектепке осы күнге дейін 22 рет тексеріс келген. 

«Құрметті президент мырза, біз Шымкент қаласының №143 жалпы орта білім беретін «Келешек» мектебінің ұжымы атынан сізге үлкен үмітпен жүгініп отырмыз. Біздің мектебіміздің директоры, 2023 жылғы «Білім берудегі өзгерістің мың көшбасшысы» жобасының түлегі Сүлейменова Мира Сапарбековна білім беру сапасының артуына, оқушылардың жан-жақты дамуына және мектептің беделін көтеруге зор үлес қосты. Ашылғанына бір жыл үш ай ішінде жоспарға сай және жоспардан тыс тексеріс зерделенуде. Соның ішінде Шымкент қаласының Білім басқармасы 2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін 10 рет тексеру жүргізді», – дейді мектеп ұжымы видео үндеуде. 

Сол тексерістерден кейін, оқу жылының аяқталуына бір ай қалғанда мектеп директорын жұмыстан босатқан. Соған байланысты мектеп ұжымы Президенттен көмек сұрап, қалалық Білім басқармасының тексерісі мен анықтамаларының заңдылығын тексеруді өтінді.

«2026 жылдың сәуір айында, оқу жылының аяқталуына бір ай қалғанда, Шымкент қаласының Білім басқармасының негізсіз тексеруімен, жалған анықтамаларының нәтижесінде, қалалық Білім басқармасының бұйрығымен «Қызметіне сәйкес келмейді» деп жұмыстан босатылды. Құрметті Президент мырза, қазір оқу жылының ең шешуші кезеңі. Бір айдан соң 11 сының оқушылары ҰБТ, ал 9 сынып оқушылары емтихан тапсырады. 1-8 және 10 сыныптар жылдық бағаларының қорытындысын шығарады. Осындай жауапты сәтте, 2336 оқушы басшысыз қалды. Балалар ессіз күйде, ата-аналар дүрлігіп отыр. Осыған байланысты сізден, жағдайға әділ әрі жан-жақты қарастыруыңызды, жұмыстан босату себебін тексеруіңізді және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. Біз әділдік орнайды деп сенеміз. Сіздің қолдауыңызға үміт артамыз. Алдын-ала алғысымызды айтамыз! Құрметпен, мектеп ұжымы», – дейді мектеп ұжымы өз мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, еліміздегі цифрлық даму бағытындағы бірқатар ірі жобалардың іске қосу шарасына қатысты.