Білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Qaz365.kz редакциясы

Конкурс 20 шілдеге дейін жүргізіледі

Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

"Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Талапкерлер өтініштерін онлайн да, офлайн да тапсыра алады", – делінген хабарламада.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуал қабылдау комиссиясы жұмыс істейтіні айтылды. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.