Ерлан Қошанов: Мектепті саяси, діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз қажет

Qaz365.kz редакциясы

Ерлан Қошанов мектепте хиджаб кию мәселесіне  қатысты пікір білдірді

primeminister.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мектепте хиджаб кию мәселесіне  қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Бұл мәселеге қатысты алуан түрлі пікір айтылып жатыр.  Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет, Конституциямызда, басқа заңдарымызда анық көрсетілген. Сондай-ақ, Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды, өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ. 

Мектеп – білім ордасы. Оқушының басты міндеті – білім алу. Оқытушыларды, балаларды басқа мәселелерге алаңдатпауымыз керек. Мектеп формасының министрлік бекіткен стандарттары бар. Сол талаптарды орындау қажет”, – деді Қошанов.