Алматыда оқушылар 12-13 қаңтар күндері қашықтан оқиды

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қалалық білім басқармасы алдағы күндері оқушылар мен студенттер қашықтан оқитынын мәлімдеді

inform.kz

Алматы қалалық білім басқармасы алдағы күндері оқушылар мен студенттер қашықтан оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшеді”, – делінген хабарламада.

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматыда күндіз ауа температурасы -15 градустан төмен болады.